Биыл Ресейден 285 мың тонна бензин импорттайтын мүмкіндігіміз бар
moneyman.ru
bai-bol.kz | 7 қазан, 2024
АИ-92-нің сату бағасы мемлекет белгілеген ең жоғары бағадан аспайды
Қазақстан 2024 жылы Ресейден 285 мың тоннаға дейін автокөлік бензинін импорттай алады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024 жылға арналып бекітілген индикативтік теңгерім аясында 2024 жылы 285 мың тоннаға дейін ресейлік автокөлік бензинін импорттау мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ведомство АИ-92-нің сату бағасы мемлекет белгілеген ең жоғары бағадан, яғни литріне 205 теңгеден аспайтынын атап өтті.