Тез дайындалатын кеспені кімдерге жеуге болмайды? – маман пікірі
Оның қауіптілігін ескертетін бейнероликтер жиі тарап жатыр
Алғаш Қиыр Шығыс елдерінде пайда болған жылдам дайындалатын кеспе әлемге тез танылды. Одан Қазақстан да шет қалмады. Tengri Life бұл тағамды жеудің қауіп-қатері бар-жоғын анықтап көрді.
Кеспе дайындауға көп уақыт қажет емес, ерекше дәмі бар және арзан. Ал әлеуметтік желілерде оның қауіптілігін ескертетін бейнероликтер жиі тарап жатыр.
Диетолог және тамақтану жөніндегі кеңесші Анастасия Малютина мұндай жартылай фабрикаттың шын мәнінде неге және қаншалықты зиян екенін анықтауға көмектесті.
Жылдам дайындалатын кеспе құрамында сірне (крахмал түрі), тұз және трансмайлары бар. Сірне жоғары калориялы және салмақ қосуға әкеледі. Қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, қант май тініне айналады. Қант диабетімен ауыратын адамдар бұл өнімді мүлде пайдалана алмайды, – деді Малютина.
Оның айтуынша, дәмдеуіштердің құрамында көп тұз бар. Ал тұздың ағзадағы сұйықтықты ұстап, ісінуге әкелетіні белгілі.
Сондай-ақ егер тұзды артық пайдалансаңыз, бүйрек, бауыр ауруы және атеросклероз болуы мүмкін. Трансмайлары майдың ең зиян түрі саналады, – деп ескертті диетолог.
Дене трансмайларды мүлде сіңірмейді, сондықтан олар қанда ұзақ уақыт айналады, «жаман» холестерин деңгейін және атеросклероз қаупін арттырады.