Павлодар облысында 11 мұғалім 3,7 млн теңгеден сыйақы алды

Павлодар облысында 11 мұғалім 3,7 млн теңгеден сыйақы алды Павлодар облысының білім басқармасы
bai-bol.kz bai-bol.kz | 6 қазан, 2024

Республика бойынша ең қомақты сыйлықты осы өңір беріп отыр

Павлодар облысында 11 мұғалім төл мерекелерінде 3 млн 692 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлады bai-bol.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мұғалімдердің «Ұлағат-2024» деп аталған салтанатты шарасында ең білікті 11 ұстазды облыс әкімі Асайын Байханов марапаттады. Бұл ретте республика бойынша ең қомақты сыйлықты Павлодар облысы бергенін ескерген ләзім.

Айта кетейік, мұндай шешім 2020 жылы қабылданған. Содан бері жыл сайын дәстүрге айналған. Үш жылда 86 мұғалім осындай жоғары марапатқа ие болса, биыл олардың саны 11 адамға толықты.

Лауреаттар – әрдайым өздерінің жоғары жетістіктері мен тәрбиеленушілерінің елеулі жетістіктері бар педагогтер. Номинанттарды іріктеу үшін жыл сайын комиссия жұмыс істейді, ол кандидатураларды қарастырады және ережелерге сәйкес балл қояды. Биыл 96 өтінім беріліп, тек 11 үздік сыйлық алуға лайық болды, - деді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

Бұл жолы 3 692 000 теңгеден алған ұстаздар – қала, ауыл мектептерінің мұғалімдері мен колледж оқытушылары.

Мұғалімдерді осы сыйлықпен көтермелеуге арналған қаражат жыл сайын облыстық бюджеттен педагогтің жоғары мәртебесін қолдау стратегиясы шеңберінде бөлінеді.