Баспанасыз қалған Әбдікәрімова 170 млн теңгенің үйін әлі даулап жүр
Құрылыс компаниясы үйдің барлық ақшасын төлемегенін алға тартқан
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін алып, орнына үй беремін деп алдап соққан құрылыс компаниясына қарсы сот үдерісінің қалай өтіп жатқанын баяндады.
Алдымен ол Instagram-дағы парақшасына өзінің аппеляциялық шағымы бойынша онлайн режимде өткен бірінші сот отырысынан видео жариялады.
Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Өйткені ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда қарсы тарап сотта еш дәлелсіз, жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болды, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айтуынша, өзі келісімге келуге дайын екенін білдірсе де құрылыс компаниясы оның үйдің барлық ақшасын төлемегенін алға тартқан.
«Үйге толық төлем жасалмаған» деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын 2 жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелген. Үйге толық төлем жасалғаны туралы, үйіме қоса паркингімді сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегені жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетсек, оның құрылыс компаниясынан сатып алған үйінің құны – шамамен 170 миллион теңге.