Алматы тұрғындарына 5 млн теңге алатын мүмкіндік бар
Тұрар Қазанғапов
bai-bol.kz | 4 қазан, 2024
Байқаудың жалпы бюджеті – 500 млн теңге
Алматыда әлеуметтік бизнес ашып, 5 млн теңгеге дейін грант алғыңыз келе ме? Ендеше, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған байқауға қатысыңыз!
Бұл ретте 5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болған шағын және орта кәсіпорындарға беріледі. Байқаудың жалпы бюджеті – 500 млн теңге, - делінген әкімдік хабарламасында.
Өтінім 14-18 қазан аралығында «Электрондық үкімет» порталы арқылы Kezekte.kz жүйесінде қабылданады.
Толығырақ мағлұмат және кеңес алу үшін:
- Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы: +7 (727-39) 0-20-99, +7 (727) 390-20-69.
- Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы: +7 (727-33) 1-01-33, 1432 (call-center).
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры: +7 (727-24) 4-55-77, 244-55-66.