«4 балама 4 пәтер алып қойдым»: Айқын Төлепберген жақсы әке екенін көрсетті
Түсірілім кезінде ол әйеліне де 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті
Әнші Айқын Төлепберген бүгінде екі некесінде туған балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты. Айтуынша, өзі олардың өміріне, тәрбиесіне барынша көңіл бөліп тұрады екен.
Мен жақсы күйеу емес шығармын, бірақ жақсы әкемін. Оны балаларыммен қарым-қатынасымнан-ақ байқауға болады. Бүгінде 4 балама 4 пәтер алып қойдым. Өлімнің бары рас, көзім кеткенде балаларымның ешкімге жалтақтап өспегенін қалаймын. Қазір олардың қандай киім киіп жүргеніне дейін біліп отырамын. Мектептегі үлгерімі мен қандай үйірмелерге жазылғанынан да хабардармын. Балаларым бірі-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр, – деді Айқын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.
Тіпті, ол сол бағдарламада «үйлену тойын» жасап, түсірілім кезінде осыдан 9 жыл бұрын қосылған әйелі Жұлдыз Өмірғалиға да Алматыдан 2 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.
Мынау – Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын. Бұл «бөлек шығып кетші» деген сөз емес. Нағыз қазақтың бизнесі ғой. Пәтерді жалға өткізесің. Ақшасын өзің аласың. Сенің жалақың болады, - деді әнші.