Көшпенділер ойындарында топ жарған көкпаршыларға жаппай жаңа көлік берілді

Көшпенділер ойындарында топ жарған көкпаршыларға жаппай жаңа көлік берілді Instagram
bai-bol.kz bai-bol.kz | 3 қазан, 2024

Көкпар федерациясын кәсіпкер Бауыржан Исабаев басқарады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісі үшін көкпардан Қазақстан құрамасының барлық 12 ойыншысына бір-бір көлік табысталды.

Бұл ретте команданың әр мүшесіне сыйлықты Қазақстан көкпар федерациясы жасаған. Айта кетсек, федерацияны ірі құрылыс холдингінің акционері, кәсіпкер Бауыржан Исабаев басқарады. Барлық көкпаршыға бірдей Chevrolet маркалы автокөліктер берілді.

Көкпаршылар алған темір тұлпарларының суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялап жатыр.