Айнұр Тұрсынбаева інісі мен қайнысына салоннан көлік сыйлады

Айнұр Тұрсынбаева інісі мен қайнысына салоннан көлік сыйлады Instagram
bai-bol.kz bai-bol.kz | 3 қазан, 2024

Екеуі ескі көлікпен командамыздың бар шаруасына шауып жүретін еді, – дейді ол

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзімен бірге жұмыс істеп жүрген екі көмекшісіне көлік сыйлады. Нақты айтқанда, ағасының баласы мен қайнысын салонға апарып, қолдарына су жаңа көліктің кілтін ұстатты.

Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан, су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз. Екеуі де білмейді. Іштерінен сезіп келе жатпауы да мүмкін, – деп жазды ақын.

Ол қос көлікті иеленген азаматтардың қуанышын жеке парақшасында бөлісті.

Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз, – деді Айнұр Тұрсынбаева.