Алматыда 2 млрд теңгеге бағаланған зәулім үй тексеріледі
Оны сатылымға Антикор бастығының бұрынғы орынбасарының әйелі шығарған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматының тау бөктеріндегі бұрынғы шенеунікке тиесілі болуы мүмкін зәулім үйді сату туралы ақпаратты зерттемек.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығының экс-орынбасары зайыбының Алматыда отбасылық зәулім үйді сатылымға шығарғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның құны 2 миллиард теңгеге бағаланған.
Мәжіліс кулуарында журналистер Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан бұл үй шынымен де бұрынғы әріптесінің отбасына тиесілі ме екенін сұрады.
Біз де осы жазбаны көрдік. Бізде тиісті бөлім бар, бұл мәселемен айналысады. Екіншіден, мұнда біз де түсінуіміз керек, егер бұл декларативті, яғни тиісті түрде тіркелген болса, заңнамалық мәселелер бар. Біреу бизнеспен айналысқан, не басқа болса, біз де жекеменшік құқығын құрметтеуіміз керек. Бұл мәселе зерттелетін болады, - деп жауап берді Ұлан Сарқұлов.
Сондай-ақ ол қымбат мүлкі бар қызметкердің қандай лауазымда болғанына қарамастан бұл іске құқықтық баға беретіндерін атап өтті.