Марк Цукерберг жеке табысын биыл 201 млрд долларға жеткізді

Марк Цукерберг жеке табысын биыл 201 млрд долларға жеткізді finance.yahoo.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 1 қазан, 2024

Ал Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер болуға жақындады

АҚШ миллиардері Марк Цукербергтің байлығы 6 есеге өсіп, 201 миллиард долларға жетті.

Ол тек биылдың өзінде 73,4 миллиард доллар табыс тапқан.

Сондай-ақ Цукерберг Bloomberg жариялаған әлемдегі ең бай 500 адамның тізімінде 4-орында тұр. Оның алдында Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск, Amazon-ның қожайыны Джефф Безос және LVMH тобының иесі Бернард Арно тұр.

Ал Meta Platforms Inc. акциялары бүгінде рекордтық деңгейдегі жоғары бағамен сатылып жатыр. 2024 жылдың басында былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда, оның құны 60% өскен. 28 қыркүйекте оның бір акциясының құны рекордтық көрсеткішті қамтып, 568,95 доллар деңгейінде саудаланды.

Бұрын хабарланғандай, Илон Маск 2027 жылға қарай әлемдегі алғашқы триллионер болуы мүмкін. Сарапшылар өз есептеулерінде оның байлығы орта есеппен 110%-ға өсетінін болжайды. Ал қазіргі байлығы 251 млрд долларға жеткен.