Павел Дуров сотта жылына 130 теңге ғана табатынын айтты
t.me/truekpru
bai-bol.kz | 27 қыркүйек, 2024
Прокуратура талап еткен 20 млн еуро кепілақыны судья 5 млн еуроға дейін төмендетті
Париж прокуратурасы бастапқыда Павел Дуровқа 20 миллион еуро көлемінде кепілақы тағайындауды талап еткен. Ал ол Париждегі сот алдында жауап бере отырып, өзінің жылына небәрі 1 дирхам, яғни шамамен 130 теңге ғана табатынын айтқан.
Le Monde басылымының мәліметінше, бұл сан тергеушілерді таңғалдырған. Сондықтан Париж прокуратурасы бастапқыда талап еткен 20 миллион еуро кепілақыны судья 5 миллион еуроға дейін төмендетті.
Газет 2014 жылы Дуров «ВКонтакте» желісіндегі өз бөлігін сату арқылы 300 миллион еуро тапқанын, ал оған тиесілі Telegram мессенджерін инвестициялық қорлар 30 миллиард долларға бағалайтынын алға тартты.
Ашық дереккөздер Павел Дуров табысының 9-15,5 миллиард доллар аралығында екенін жазған.