Баян Алагөзованың бір фильмге қанша гонорар алатыны белгілі болды
Ең қымбат актриса, - дейді Айгүл Иманбаева
Актриса Айгүл Иманбаева әріптесі Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын айтты.
Айта кетсек, олар бірге «Көке» фильмінде бой көрсеткен болатын. Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін алға тартып, актрисаға бір тиын да төлемеген.
Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы, Баян түсірілім алаңында күніне 1 миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. «Айгүл, мен келемін» деді. «Мен сенің бір киноңа жоқ демедім» деп көзімді аларта бастап едім, «Жарайды, түсіндім, мен барамын» деді. Солай келді, – деді Айгүл Иманбаева.
Жалпы, Баян Алагөзоваға сол сәтте киноға түсу бойынша 10 ұсыныс түскен. Ол тек «Көке» фильмінің шақыртуын қабыл алған.
Ұсынысын қабылдауыма бірінші себеп, Айгүл Иманбаева – менің жан досым. «Көке» фильмінің түсіріліміне үш күн қалғанда, «Шұғыл құтқар, маған сенің көмегің керек» деп хабарласты. Үш күн ғана түсесің деген киносына сегіз күн түстім, – дейді Баян Мақсатқызы.