«100 мың теңгеге сатып алып едік»: Мақпал Жүнісованың ықылас гүлі елеусіз қалды
Instagram
bai-bol.kz | 25 қыркүйек, 2024
Тойға асығып, кетіп қалдық, - дейді ол
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы қаласына гастролдік сапармен келген қызылордалықтардың концертіне барып, өкпелеп қайтты. Айтуынша, қызылордалық өнерпаздар оның апарған ықылас гүлін сахнаға шығармай қойыпты.
Қызылордалықтар, концерттеріңіз керемет өтті. Тойға асығып, кетіп қалдық. Сіздерге әкелген ықылас гүлі сахнаға шықпады. Соған кішкене өкпелеп қалдым. Әкімнің гүлін ғана сахнаға жіберіп, менікін бермей, алып қалыпты. Естіп жатырмыз. Режиссердің шешімі екен. Мені құр қол келді деп ойлап қалмаңыздар! Бауыржан – куәгер. Екеуміз барып, 100 мың теңгеге сатып алып едік, – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.
Желі қолданушылары оның ақжарма ниетіне ризашылықтарын білдіріп, әкімдік өкілдерін кіналап жатыр.