Сарбаздар банктер мен шағын қаржылық ұйымдарға 7 млрд теңге қарыз
Қазір 40 мыңнан аса сарбаздың мойнында несие бар
Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басхожаев ОКҚ-да өткен брифингте мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың алған несиелерінің сомасын атады. Айта кетсек, бұл қарыздар бойынша төлемдер уақытша тоқтатылған.
Мәселе қаншалықты өзекті екенін түсіну үшін цифрды айтайын. Бізге әскерге 18-19 жастағы жігіттер келеді. Бүгінде олардың әскерге келгенге дейін алған несиелері бойынша 2 млрд теңгедей төлемдері тоқтатылып тұр. Жалпы, 40 мыңнан аса сарбаздың алған несиесі 7 млрд теңгеден асады, - деді ол.
Ал Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, барлық әскерге шақырылушылардың несиелік төлемі биылдан бастап автоматты түрде кейінге қалдырылады.
Егер есептеп қарайтын болсақ, бүгінде 6 мыңнан аса сарбаздың несиесі бойынша 1 млрд 828 млн теңге көлеміндегі төлемі ауыздықталып тұр, – деп нақтылады ол.