Атышулы Мұрат Әбділда TikTok-тан жарты сағатта 14,4 млн теңге тапты

Атышулы Мұрат Әбділда TikTok-тан жарты сағатта 14,4 млн теңге тапты dalanews.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 19 қыркүйек, 2024

Тікелей эфирде жұрт оған 30 минут ішінде 6 024 549 алмас жіберген

Таяуда ғана түрмеден шыққан блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды. Ол кеше, яғни 18 қыркүйекте TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, 3 рекорд орнатқан.

Бірінші рекорд – блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған.

Екінші рекорд – оның тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд.

Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін 196,9 адам бөліскен.

Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл – TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.

Еске сала кетсек, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желі эфиріндегі былапыт сөздерімен танымал.

Биыл 9 қыркүйекте блогер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.