Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан берілетін төлемге салық төлемейтін болды
gov.kz
bai-bol.kz | 18 қыркүйек, 2024
Жаңа ережеге сәйкес, ескі көліктерге салынатын салық та төмендейді
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге салынатын жеке табыс салығы алынып тасталды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Жаңа салық кодексінде Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату көзделген, – деді вице-министр.
Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес, Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі:
- 10 жылдан жоғары – 30%-ға;
- 20 жылдан жоғары – 50%-ға.
Сән-салтанат объектілеріне салынатын салықты ұлғайту міндетін іске асыру үшін мыналар ұсынылады:
- жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке салынатын мүлік салығын арттыру;
- кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге қосымша акциз;
- қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен әуе кемелеріне қосымша акциз салығы, – деді Азамат Әмрин.