Миллиардер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақ - БАҚ

Миллиардер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақ - БАҚ olympic.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 қыркүйек, 2024

Bloomberg миллиардерлер индексінде Кимнің байлығы – 6,7 млрд доллар

Қазақстандық миллиардер Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ірі банктердің бірін сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg басылымына аты-жөнін атамауды өтінген құпия дереккөз хабарлаған. 

Дерекөздің мәліметінше, егер мәміле іске асатын болса, Ким Ғалымжан Есеновтің үлесін сатып алу арқылы First Heartland Jusan Bank АҚ бақылауына ие болмақ. Алайда дереккөз келісімнің іске аспай қалуы немесе басқа стратегиялық инвестор табылуы мүмкін екенін ескертеді.

Вячеслав Ким – атақты Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, 2024 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша, компанияның 21,4% үлесіне иелік етеді. Сондай-ақ миллиардерге «Алсеко» АҚ-ның 90%-ы тиесілі, сол арқылы «Астана-ERC» ЖШС, ELTOP Soft ЖШС және «ПОЗИТИВ Invest» ЖШС акцияларына ие.

Вячеслав Ким – Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі. Forbes-тің 3 сәуірде жарияланған жыл сайынғы миллиардерлер тізімінде ол 5,8 млрд доллармен әлімде 511-орынға ие болды. Ал Bloomberg миллиардерлер индексі бойынша Кимнің байлығы 6,7 миллиард долларды қамтиды.

Дереккөздің пікірінше, Ким Есеновке қарағанда жергілікті компанияларға берілген проблемалық несиелермен күресуге қабілетті. Jusan Bank пен Есеновтің өзі ақпаратқа қатысты түсінік бермеген. Басылымының сұрақтарына Ким мен Kaspi.kz өкілдері де жауап бермеген.

Егер Ким мен Есенов арасында келісім жасалса, Jusan Bank-тің алдағы стратегиясы жеке тұлғаларға емес, бизнесті несиелендіруге және ипотека сияқты кепілді несиелерге бағылттала отырып, Kaspi.kz-пен бәсекелестікті шектеуді жоспарлайды, - дейді дереккөз.

Jusan Bank биыл жыл басында Kaspi Bank-тің бұрынғы топ-менеджері Гүлмира Жұмадиллаеваны бас директор етіп алған еді. Ол 2007-2021 жылдар аралығында банктің бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

Kaspi.kz биыл АҚШ-тың тізіміне енді, нарықтық құны шамамен 23 млрд долларды қамтып отыр.