Ақорда маңында тазының мүсіні пайда болды

Ақорда маңында тазының мүсіні пайда болды tengrinews.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 6 қыркүйек, 2024

Композицияның авторы – белгілі мүсінші Мұрат Мансұров

Астанадағы Ақорда маңына қазақы тазының мүсіні қойылды.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, тазы мүсіні резиденция аумағына биыл 20 ақпанда орнатылған. Композицияның авторы – белгілі қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын (Kazakh Tazy) ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала тану туралы шешім қабылдағанын жазған болатынбыз. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.