Алматылық зейнеткер ұлттық тағамдар жасау арқылы желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Мен үй шаруасындағы әйелдердің тарихымызды біліп, оны балаларына айтқанын қалаймын, - дейді ол
Алматылық зейнеткер Гүлдана Жұмашева танымал фуд-блогер атанып жүр.
Гүлдана Жұмашева 3 жыл бұрын қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, оны YouTube-арнасына түсіруді бастаған. Осы уақытқа дейін ол 250 видео түсірген. Қазір зейнеткердің «Дәмді ас. Қазақша рецепттер. Апашка готовит!» арнасында 140 мыңнан астам көрермені бар.
Мен ата-бабаларымыздың бірегей рецептін сақтап, жастарға беруге тырысамын. Әрине, жаңашылдық енгізуге, лайфхак ойлап табуға болады. Қазір ол сәнге айналып кетті ғой. Бірақ олай жасамаймын. Мен үй шаруасындағы әйелдердің тарихымызды біліп, оны балаларына айтқанын қалаймын. Сондықтан өзімнің YouTube-арнамды аштым.
Барлық комментатор менің рецептеріме оң бағасын беріп жатады. Бұл маған жаңа видео түсіруге мотивация береді», - деді Гүлдана Жұмашева 24KZ тілшісіне берген сұхбатында.