200 млн теңге қарызға батқан Мереке Қалбаева күйеуімен тағы ажырасудан қорқады
Бұдан бұрын 3,5 млн теңге үшін бір ажырасып, қосылған
Жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында басынан өткен ауыр күндерін есіне алды.
Айтуынша, ол қомақты қарызға кіріп кеткен.
100 емес, 200 миллион теңгеге жақын еді қарызым. 100 миллионнан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырудан шаршап кеттім. Мені қинағаны Арсенге айта алмай жүргенім еді. Ол да білді. Хайырлысы... Үлгілі отбасы едік, әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар, – деді актриса.
Сондай-ақ ол кезінде қарызға батқаны үшін күйеуімен бір ажырасып, қосылғанын есіне алды.
Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ білмеймін, себебі біз – 3,5 миллионға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған... Қазір не болатынын да елестете алмаймын, - деп көз жасына ерік берді жайдарманшы.