Доллар бағамы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе? - Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Доллар бағамы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе? - Ұлттық банк төрағасы жауап берді akwatoria.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 3 қыркүйек, 2024

«Еуро бағамы 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?» деген де сұрақ қойылды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы валюта бағамына қатысты пікір білдірді.

Өздеріңіз білетіндей, қазір биржада – 482-483 теңге (доллар курсы – ред.). Бұл – біз екі апта бұрын да байқаған деңгей, – деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ ол «Доллар құны 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Жоқ, доллар 500-ден асып кететіндей фактор көріп тұрған жоқпыз, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Одан кейін журналистер тарапынан «Еуро бағамы 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?» деген де сұрақ қойылды.

Теңге-доллар бағамына көбірек назар аударамыз. Бұл – біз үшін аса маңызды. Өйткені халықаралық сауда операцияларының көпшілігі теңге-доллар бағамы арқылы өтеді, – деп жауап берді Тимур Сүлейменов.