81 жастағы миллионер 26 жастағы қызға үйленді
Біздің қарым-қатынасымыз ақшаға тәуелді емес, – дейді Эш
Германияда миллионер Хорст-Дитер Эш Ресей Федерациясының 26 жастағы азаматы Алинаға үйленген. Ерлі-зайыптының шаңырағында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
BILD-тің жазуынша, Эш 70-жылдары ГФР-дегі құрылыс машиналары саласында табысты бизнес құрған. 80-жылдары ол АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йоркте модельдік агенттігін ашқан.
Эш қазір Мексикада тұрады. Элиталық жылжымайтын мүлік сатумен айналысып отыр.
Кәсіпкер Алина есімді арумен некеге тұрды. Мамыр айында Хорст-Дитер мен Алинаның қызы Марселина дүниеге келген.
Ол өте бай отбасынан шыққан, сондықтан мәселе байлықта емес. Мен оны ата-анасының үйінде еркелеткендей еркелетуге тырысамын. Біздің қарым-қатынасымыз ақшаға тәуелді емес, – деп сұхбат берді Эш.
Қазір ерлі-зайыптылар Еуропадан үй сатып алғысы келетіндерін айтқан.