Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
Монеталар күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған
Ұлттық банк «Қазақстанды монеталар арқылы таны» монеталар сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарының 28 тамыздан бастап сатуға шығарылатынын хабарлады.
Монеталар күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған.
Монетаның күміс сынамасы – 925/1000, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған монетаның массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 дана.
Сондай-ақ МН 25 мельхиор қоспасынан жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 мың дана.
Ұлттық банктің мәліметінше, күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары кәдесый қаптамасында шығарылады. ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды. Олар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.