Соңғы 10 жылда алтын қорын көбейткен елдердің алғашқы ондығында Қазақстан да тұр

Соңғы 10 жылда алтын қорын көбейткен елдердің алғашқы ондығында Қазақстан да тұр lombardsp.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 27 тамыз, 2024

8 133 тонна алтыны бар АҚШ – әлемдегі ең үлкен алтын қорының иесі

Дүниежүзілік алтын кеңесі соңғы онжылдықта Ресей мен Қытайдың алтын қорын айтарлықтай арттырғанын мәлімдеді.

2013-2023 жылдар аралығында Ресейдің алтын қоры 1 035 тоннадан 2 333 тоннаға көтерілсе, Қытай өз резервін 1 054 тоннадан 2 235 тоннаға дейін ұлғайтқан. Ал Түркия алтын қорын 116 тоннадан 540 тоннаға арттырып, 3-орынға орнықты. Қазақстан болса, резервін 144 тоннадан 294 тоннаға дейін арттырып, рейтингте 7-орында тұр.

Сарапшылардың айтуынша, алтынға деген қызығушылық геосаяси шиеленістің, санкциялардың күшеюіне және долларсыздандыруды талқылауға байланысты артқан. Орталық банктер алтынды табыстылық әлеуеті бар қауіпсіз, өтімді актив ретінде қарастырады.

8 133 тонна алтыны бар АҚШ – әлемдегі ең үлкен алтын қорының иесі. Америка алтынының жартысы Кентуккидегі Форт-Нокста сақтаулы. 3 351 тонна алтын қоры бар Германия 2-орында, одан кейінгі орында Италия (2 452 тонна). Ал Ресей мен Қытай тізімде 5 және 6-орында тұр. 

19 тамызда Comex биржасында алтынның бағасы бір троя унциясы үшін 2 523 доллардан артқан. Бұл – асыл металдың бағасы бойынша тарихтағы абсолютті рекорд.