Роналду YouTube арнасын аша салып, бірден алтын батырма иеленді

Роналду YouTube арнасын аша салып, бірден алтын батырма иеленді Instagram
bai-bol.kz bai-bol.kz | 25 тамыз, 2024

Жазылушылар саны қазір 43 миллионнан асып кеткен

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасын ашты. Осылайша, спортшы 1 сағаттың ішінде 1 миллион көрермен жинап, рекорд жасады.

SMARTNEWS.KZ-тің хабарлауынша, футболшы YouTube арнасын ашқаннан кейін араға 4 сағат уақыт салып, көрермен саны 4 миллионнан асып кеткен.

Криштиану Роналду платформада контент жасау туралы ұзақ ойланған. Оның айтуынша, YouTube арнасы арқылы жанкүйерлер спортшының отбасы туралы ақпараттан бөлек, өзіне қатысты көптеген мәлімет біле алады. Роналду өзіне қонақ болып келген тұлғалардың сұхбаттарымен көрерменін таңғалдыруға асық екенін жеткізді.

Спортшының YouTube арнасы UR Cristiano деп аталады. Ондағы алғашқы бейнежазба арна ашылған күні жарияланған. Қазір 20-ға жуық бейнеролик бар. Жазылушылар саны қазір 43 миллионнан асып кеткен.

Арнада жарияланған видеолардың бірінде португалдық футболшы әртүрлі спорт түрлері мен жұлдыздардың арасында таңдау жасайды. Сондай-ақ зайыбы Джорджина Родригеспен түсірілген видеолар да жетерлік.

Футболшы YouTube-тің алтын батырмасын алған сәтін әлеуметтік желіге жариялады.