АШМ экспортқа шығаратын бидайымыздың аз екенін мойындады

АШМ экспортқа шығаратын бидайымыздың аз екенін мойындады ansari75.livejournal.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 24 тамыз, 2024

Өзбекстанға жеткізілім 1,3 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға 60 мың тоннаға дейін төмендеген

Статистика деректері бойынша, биылғы қаңтар-маусымда экспортқа 2 368 мың тонна бидай шығарылған. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 1,6 есе аз.

Қазақстан бидай өндірісі бойынша әлемде 14-орында тұр, деп хабарлады Energyprom.kz мониторингтік компаниясы. Сондықтан Sputnik тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінен Қазақстанның экспорттық көлемін неге жоғалтып жатқанын сұраған.

Экспорт көлемінің төмендеуіне 2023 жылы астықтың жалпы түсімі мен сапасының төмендеуі басты себеп болды. Сондай-ақ вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар проблемаға тап болды, - деп жауап берді ведомстводан.

Атап айтқанда, оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстікте қатты жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер еткен.

Бидай экспортының жалпы көлемінің төмендеуі – Өзбекстанға жеткізілімдердің 1,9 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға 322 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін төмендеуімен тікелей байланысты.

Бұған дейін ведомство басшысы Айдарбек Сапаров қазақстандық бидайдың Ресей бидайымен бәсекелесуі қиын екенін айтқан болатын.