Елімізде 85-100 мың теңге жалақы алатындардың саны анықталды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 22 тамыз, 2024
Бұл – білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқанын хабарлады. Ал ең төменгі шекті 85 мың теңге жалақыны 170 мың адам алады.
Бүгінде Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша орташа жалақы – 403 мың теңге. Біз мониторинг жүргіземіз. Біздегі мәлімет бойынша, 160 мың адам 100 мың теңгедей жалақы алады. Ал 175 мың адам 85 мың теңге көлемінде айлық алады. Бұл – білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.
Айта кетсек, бұған дейін министрлік өкілдері маусымда электронды еңбек биржасында 94,4 мың бос жұмыс орны жарияланғанын мәлімдеген еді. Сәйкесінше, маусымда 88,9 мың түйіндеме жарияланған.