Еліміздегі электр энергиясы 32% қымбаттады
Ұлытау облысында ғана тариф 2023 жылғы маусым деңгейінде қалды
Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 60 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілген. Бұл – былтырғымен салыстырғанда, 3,9% артық көрсеткіш.
Өңірлік бөліністе электр энергиясының көп бөлігі Павлодар облысында өндірілді: 24,8 млрд кВт·сағ, жылдық өсім – 2%. Алдыңғы қатардағы өңірлердің үштігіне Қарағанды (6,3 млрд кВт·сағ, жылына 1,1% қосымша) және Атырау (4,1 млрд кВт·сағ, 6,1% қосымша) облыстары кірді.
Маусымның қорытындысы бойынша, Қазақстан тұрғындары үшін электр энергиясы бір айда 0,2% және бір жылда 31,7% қымбаттаған. Айта кететін жайт, БҚО-да тарифтер 7,9% өссе, басқа өңірлерде өткен ай деңгейінде қалды.
Жылдық динамикада тарифтер 2023 жылғы маусым деңгейінде қалған Ұлытау облысын қоспағанда, елдің барлық өңірінде қымбаттау байқалды. Тарифтердің ең жоғары жылдық өсуі Ақтөбе облысында байқалды. Онда баға бірден 69,2% көтерілген. Сондай-ақ Атырау (жылына 68,2%), Павлодар (48,5%), Шығыс Қазақстан (44,5%) және Абай (44,3%) облыстарының тұрғындары да қиын жағдайға тап болды. Тарифтердің ең аз жылдық өсуі Маңғыстау облысында тіркелді: 8%, – делінген сарапшылар ұсынған ақпаратта.
Айта кетсек, республика бойынша орташа есеппен азаматтарға электр энергиясының бағасы бірінші деңгей – 100 кВт·үшін 2,1 мың теңге, екінші деңгей үшін 2,8 мың теңге, тұтынудың үшінші деңгейі үшін 3,5 мың теңге болды.