Гүлзира Айдарбекова әкесінің өзінен қарыз алғандарды кешіріп кеткенін жазды
Youtube/Makpal Karatai
bai-bol.kz | 9 тамыз, 2024
Менен қарыз алғандар көп, мен ешкімге қарыз емеспін, - депті марқұм
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады.
Ол ата-анасының суретін жариялап, олардың қайтыс болғанына 20 жыл толғанын айтты. Ата-анасына деген сағынышын білдіріп, олардың жоқтығын әлі де сезінетінін жазды.
Әкешімнің көз жұмар алдында анамды шақырып: «Менен қарыз алғандар көп. Мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім» деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам «Қарыз алған адамдардан сұрайық» дегенде, «Болса, қайтарушы еді ғой, сұраушы болма» дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден өтті, - дейді Гүлзира Айдарбекова.