Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 7 тамыз, 2024
Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды
Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.
Тамызда Семей қаласының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады, - деп хабарлады Семей қаласының әкімдігі.
Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды.
Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен болатын. Оның көмегімен 41 отбасы баспаналы болды.