Бизнес, комерциялық дауларды сотқа дейін медиаторлар шешіп отыр
economist.kg
bai-bol.kz | 5 тамыз, 2024
Елімізде 2 мыңнан аса кәсіби медиаторы бар 16 ұйым жұмыс істейді
Бүгін – соттан тыс дау-жанжалдарды шешуге көмектесетін мамандардың кәсіби мерекесі.
Айта кетсек, қазір елімізде медиация саласы сот процестеріне балама ретінде дамып келеді. 2011 жылы қабылданған Медиация туралы заң халық үшін маңызды қадам болып есептелді.
Жалпы, Қазақстанда 2 мыңнан аса кәсіби медиаторы бар 16 ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірлерде шамамен 1 771 қоғамдық сала маманы қызмет атқарып отыр.
Біз басқарып отырған халқаралық медиация орталығы 500 мыңнан аса процедураларады өткізген. Еңбек дауы, бизнес дауы, комерциялық дауларды осылай сотқа дейін шешіп отырған. Сот арқылы шешілгендері бар, олар 20% болуы керек. Қалғанын қоғамның өзі шешіп отыр, - деді «Халықаралық медиация орталығының» сарапшысы Қайрат Тулекеев.