Париж-2024: Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Париж-2024: Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды Ұлттық олимпиада комитеті
bai-bol.kz bai-bol.kz | 4 тамыз, 2024

Бұл – спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль

Париж олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Заңға сәйкес, олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар (71 миллион теңгеден аса) беріледі. Ал алтын жүлдегерге 250 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар тағайындалған.

Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетсек, кеше қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов «Париж-2024» Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын. Бұл – спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.

Ал 1-орынды ирландиялық Рис Мак Ленаган 15,533 ұпаймен еншілесе, 3-орынға АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен табан тіреді.