TortTulik мобильді қосымшасын 122 мыңнан аса шаруа пайдаланып отыр
Әсіресе Түркістан облысының фермерлері көп тұтынады
TortTulik қосымшасын қазір Android Playmarket-тен жүктеуге болады. Әзірлеушілер iOS-та смартфондарға арналған қосымшаны дайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған TortTulik мобильді қосымшасын ауыл шаруашылығы министрлігі «АӨК-тегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әзірлеген және 2023 жылы пилоттық режимде іске қосылды, - деп жазды inbusiness.kz.
Бүгінде ол қосымшаны 122 333 адам пайдаланады. Әсіресе Түркістан облысының фермерлері (28 881 адам) көп пайдаланады екен. Жетісу облысында – 24 034, Қызылорда облысында – 18 232, Солтүстік Қазақстан облысында – 13 026 пайдаланушы бар.
Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері:
- ШҚ, ЖШС, ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады;
- ветеринариялық паспорт ала алады;
- жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады; союдан кейін малды есептен алып тастай алады;
- малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады;
- болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады;
- ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізе алады.
Сондай-ақ қосымшада сіз саланың соңғы жаңалықтарын біліп, алдағы вакцинация туралы хабарлама ала аласыз және тағы басқа мүмкіндіктерін қолдануға болады.