Ел билігі ТМД бойынша алғаш рет шетелден қаржы пирамидасындағы ақшаны қайтарды

Ел билігі ТМД бойынша алғаш рет шетелден қаржы пирамидасындағы ақшаны қайтарды avatars.mds.yandex.net
bai-bol.kz bai-bol.kz | 2 тамыз, 2024

Енді оны жәбірленушілерге таратып береді

Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып криптоактивтер арқылы қаржы пирамидасына заңсыз тартылған 250 млн теңгені шетелден қайтарып алды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік мамандары заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 айдың ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан Eolus жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Оған Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан облыстарынан 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды.

Соттың шешімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың іздерін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамидыны ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржылық ағындарды көптеген транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырған. Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитиканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияны анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты, - делінген ресми хабарламада.

Ұрланған қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды. Енді оны жәбірленушілерге таратып береді.

Әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр, - дейді агенттік мамандары.

Еске сала кетсек, қаржы жинаумен айналысатын кез келген компанияны Baiqa, piramida! атты Telegram боты (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) арқылы тексеруге болады. Бұдан бөлек, агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/activities/48291?lang=kk&parentId=48274) қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады.