Димаш көпшіліктің сұрауы бойынша Астанада қосымша концерт өкізетін болды

Димаш көпшіліктің сұрауы бойынша Астанада қосымша концерт өкізетін болды astana.citypass.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 2 тамыз, 2024

Жанкүйерлері 1 сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамын сатып алған

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада тағы да концерт беретін болды.

Айта кетейік, Stranger атты шоудың билеттері сатылымға шыққан күні-ақ жаппай сатылып кеткен. Жанкүйерлері 1 сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамын алып үлгерген.

Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер – Small, Spar желілері, – деп жазған еді әнші.

Көп ұзамай, ол көпшіліктің сұрауы бойынша тағы да концерт өтетінін хабарлады.

Достар! Астанада көпшіліктің сұрауы бойынша 14 қыркүйекте ASTANA ARENA стадионында өтетін қосымша концертімді ресми түрде хабарлаймын. Билеттер – Ticketon.kz сайтында, – деді Халық әртісі.