Ерке мен RaiM АҚШ-та өтетін концерттерінің билет бағасын жариялады

Ерке мен RaiM АҚШ-та өтетін концерттерінің билет бағасын жариялады eventcartel.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 2 тамыз, 2024

Бұл баға өзгеріп, қымбаттап кетуі де мүмкін

Өнерлі жұп Eрке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (RaiM) қыркүйек айында АҚШ-тың төрт қаласына концерт беруді жоспарлап отыр.

Концертке билетті арнайы платформадан алуға болады. Американың Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті – 55-75 доллар шамасында. Алайда олар алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарлады. 

Айта кетейік, Хьюстондағы концерт 4 қыркүйекте, Чикагодағысы 5 қыркүйекте, ал Лос-Анджелестегі концерт 6 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Әншілер ең соңғы болып Нью-Йоркте 7 қыркүйекте өнер көрсетіп, Америка турын аяқтамақ.