12 елдегі жүзден аса баланың биологиялық әкесімін - Telegram-ның негізін қалаушы
Кәсіпкердің өзі үйленбеген, жалғыз өмір сүруді ұнатады
Кәсіпкер әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің 100-ден аса баланың биологиялық әкесі екенін айтты.
Ол бұрын-соңды үйленбегенін және жалғыз өмір сүруді ұнататынын атап өтті. Сондай-ақ Дуров қалай 100 баланың әкесі атанғанын айтып берді.
Осыдан 15 жыл бұрын досым қызық өтінішпен келді. Ол әйелі екеуі бала көтере алмай жүргенін айтып, балалы болу үшін емханаға сперматозоид беруімді өтінді. Мен күліп жібердім. Алайда кейін оның ниеті шынайы екенін түсіндім, - деп жазды кәсіпкер.
Емханада дәрігерлер Дуровқа қазір жоғары сапалы донорлық материал тапшы екенін айтқан. Осылайша, ол донор болуға келіскен.
2024 жылға келсек, мен донор болғалы бері 12 елде жүзден аса жұп балалы бола алды. Оның үстіне мен донорлықты тоқтатқаннан кейін көп жылдар өтсе де кемінде бір ЭКО клиникасында менің мұздатылған ұрықтарым жасырын түрде қолжетімді. Менің биологиялық балаларым бір-бірін оңай табуы үшін өзімнің ДНҚ-амды қол жетімді етуді жоспарлап отырмын. Мен донор болғаныма өкінбеймін. Сау сперматозоидтардың жетіспеушілігі бүкіл әлемде зор мәселеге айналып бара жатыр және мен оны шешуде рөл атқарғанымды мақтан тұтамын, - деп жазды Павел Дуров Telegram-ға.