KeshYou мен Snoop Dogg-тың бейнебаяны Махі шайдың жарнамасы болып кеткен - көрермен пікірі

KeshYou мен Snoop Dogg-тың бейнебаяны Махі шайдың жарнамасы болып кеткен - көрермен пікірі видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 шілде, 2024

Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды, - дейді біреуі

Қазақстандық әншілер тобы KeshYou мен Snoop Dogg-тың бірлескен бейнебаяны жарыққа шықты. Олар YouTube платформасына Forever Sunday атты әнді жүктеді. 

Шоу-бизнес тарихындағы алғашқы әлемдік тректі KeshYou тобы жазды. Сіз де тарихтың бір бөлігі болып, бейнебаянды көріп шығыңыз, – деп жазды продюсер Баян Мақсатқызы.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қазір сол хиттің түк ұнамағанын жарыса жазып жатыр. 

«Сөздері түсініксіз екен», «Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды», «Махі шайдың жарнамасы болып кеткен», «Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды» деп жазып жатыр көрермендері.