Бүгін – саудагерлердің кәсіби мерекесі

Бүгін – саудагерлердің кәсіби мерекесі bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 28 шілде, 2024

Бүгінде электронды сауда белсенді дамып келеді

Қазақстанда шілденің төртінші жексенбісінде сауда қызметкерлері күні атап өтіледі.

Экономиканың маңызды секторларының бірі ретінде сауда елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Сала қызметкерлерінің арқасында біз отандық және шетелдік түрлі тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе аламыз. Бүгінде электронды сауда белсенді дамып келеді. Маркетплейстер мен әртүрлі цифрлық алаңдар өмірімізге тұрақты түрде еніп, ұсынылатын тауарлар ассортименті кеңейді, сондай-ақ оларды тез арада сатып алып, сатуға болады.

Сауда саласының өкілдерін құттықтаймыз!