Алматы базарларында саудагерлерді бопсалаған «рэкеттер» ұсталды
31-36 жас аралығындағы жігіттер екен
Алматы облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қала базарларында рэкет болып жүрген жігіттерді ұстады.
Полицияның мәліметінше, 27 мамырда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Алматы қаласы мен облыстың базарларында қылмыстық топтың кәсіпкерлерден «патронаждық» үшін ақша бопсалағаны туралы ақпарат түскен. Нақты айтқанда, полицияға Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 мамырда Қарасай ауданында бір топ адам күш қолданып, жалпы сомасы 3,5 миллион теңгесін алып кеткенін хабарлаған.
25 шілдеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның келісуімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап, ұстады, – делінген хабарламада.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.