Елдің ішкі тауар айналымы 27,6 трлн теңгеге жетті

Елдің ішкі тауар айналымы 27,6 трлн теңгеге жетті bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 26 шілде, 2024

Биыл 20 мыңнан астам кәсіпкер мен базарлардың 5 мың өкілі қолдау алды

Үкімет 2024 жылдың алғашқы 6 айындағы ішкі тауар айналымы мен сауда инфрақұрылымына қатысты аралық қорытындыны жариялады.

Бүгінде Қазақстанның ішкі тауар айналымы 27,6 трлн теңгеге жетіп отыр. Сауданың нақты көлемінің индексі – 3,9% деңгейінде. Мамырмен салыстырғанда, маусым айында сауданың қарқынды өсуі байқалып, көтерме сауданың 10,5% және бөлшек сауданың 30,6% өсуін қосқанда, 16,8% артқан.

Салаға салынған инвестиция көлемі 282,4 млрд теңге болды. Оның 153,6 млрд теңгесі көтерме және бөлшек саудаға бағытталған.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түпкілікті қарыз алушылар үшін 9%-дан аспайды, сондай-ақ жетіспейтін кепілді қамтамасыз ету үшін несиелер бойынша кепілдіктер көзделген.

Бұған қоса, отандық өндірушілердің қолдау аясында бірқатар шара енгізілді. Атап айтқанда, азық-түлік тауарларының кемінде 50%-ы және азық-түлік емес тауарлардың 20%-ы отандық өндірісте болуға тиіс. 16 сауда нарығы жаңғыртылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін ол 75-ке жетеді деп жоспарланған.

Айта кетсек, биыл 20 мыңнан астам кәсіпкер мен базарлардың 5 мың өкілі қолдау алды. Сондай-ақ сауда объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық стандарт енгізілді.