Балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жетті
7 борышкер бас бостандығынан айрылған
Биыл жарты жылда 253 мың ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлады Бас прокуратура.
Борышкерлер қарыздарын жұмыстың жоқтығынан деп түсіндіреді. Шын мәнінде олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды.
Борышкерлер балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында табыстарын жасырып, ақшаны электрондық әмияндарда сақтайды. Астана прокуратурасы электрондық әмияндарда 350 млн теңгеден астам сомаға өз ақшаларын жасырған 170 борышкерді анықтады, - деп мәлімдеді ведомство.
Алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, осыдан кейін 45 млн теңге берешек өтелді.
7 борышкер бас бостандығынан айрылған. Алимент төлеуден жалтарған 1,7 мың борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 15,5 мың баланың құқығы қорғалды. Сот орындаушылары олардың пайдасына алимент бойынша 2,3 млрд теңгеден астам қарызды өндірді, - деді Бас прокуратура өкілдері.