Елде қоқысты қалдықсыз өңдейтін техно-экопарк зауыты салынады
Ол қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді
ADC TAZA А'LEM ЖШС ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастады.
Еске сала кетсек, биыл ақпан айында мемлекет басшысы Үкіметке инвесторларды тарта отырып, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында Үкімет қайта өңдеу төлемдерін пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында 94 инвестициялық жобаның пулын қалыптастырды. Барлық жоба мүдделі тараптармен, атап айтқанда әкімдіктермен және бизнес-қауымдастықтармен келісілген.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
24 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ ADC TAZA А'LEM ЖШС ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастау рәсіміне қатысты.
Жоба жылына 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді (жылына 80 мың тонна) қарастырады. Енді 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қалдықтарды басқару саласындағы мұндай жобалардың толық іске асуы аймақтардың экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.