Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі 10 жылға сотталды

Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі 10 жылға сотталды әлеуметтік желіден
bai-bol.kz bai-bol.kz | 20 шілде, 2024

Ол мемлекеттің 4 млрд теңгеден астам қаражатын жымқырған

Астана соты Delta Bank-тің ірі акционері, Қазақстан астық одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Тілеубаевты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың мәліметінше, Тілеубаев Delta Bank-тің ірі акциялар пакетіне иелік еткен және 140 компанияны басқарған, олардың ішінде негізгілері «Холдинг Алиби» ЖШС мен «Зерновая страховая компания» АҚ болды.

Ол 2015 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасына бөлінген 4 миллиард теңгеден астам мемлекет қаражатын жалған астық сатып алу-сату келісімшарттары арқылы несиелерді қайта қаржыландыру жолымен бақылаудағы компанияларға аударып, жымқырған. Кепілге 76 мың тонна астықтың түбіртектерін, 4,8 миллиард теңгенің ақшалай міндеттемелерін және жалпы көлемі 16,5 мың гектардан асатын жер телімдерін беріп, оның біраз бөлігін үлескерлерді білмей, кепілге қойған.

2016 жылы несие төлемдері тоқтап, ұлттық компания жалға алушылардың құқығын бұзып, жер учаскелеріне құқық алды. Тілеубаевтың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама және тексеру мәліметтерімен расталды. Тілеубаевтың әрекетінен зардап шеккен 143 үлескер оның жазалануын талап етіп, сот олардың талаптарын қанағаттандырды. Тілеубаевқа бас бостандығынан айырумен қатар, 9 жылға жетекші коммерциялық және қаржылық ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды.

2023 жылдың маусымында Алматы соты Тілеубаевты 10 жылға бас бостандығынан айырғанымен, оған соңғы жаза дәл осы мерзім болды.