Қазақстандық ғалымдар омарта шаруашылығына арналған бірегей жүйе әзірледі
Бұл – омарташыларға арналған практикалық құралдарды ұсынатын жан-жақты шешім
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» ғалымдары омарта шаруашылығы саласында селекциялық, асыл тұқымды және ғылыми жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін Apislab атты бірегей жүйе әзірледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл жүйе apislab science, apislab apiary және apislab mobile атты 3 негізгі қосымшаны қамтиды.
Apislab science бал ара шаруашылығына маманданған ғалымдарға арналған. Онда бал ара қанаттарының сканы түріндегі алғашқы деректерді, сондай-ақ омарталар мен бал ара ұялары туралы ақпаратты сақтауға болады. Apislab apiary бағдарламасында бал ара өсірушілер өздерінің омарталарын басқарып, ара ұяларының жағдайын қадағалап, ара аналықтарымен байланысты жайттарды бақылауға мүмкіндік береді. Apislab mobile – бал ара шаруашылығы саласында қолайлылық пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін әзірленген мобильді қосымша, – делінген хабарламада.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, жүйе академиялық зерттеулерде де, ара шаруашылығының коммерциялық саласында да қолданылады. Бұл – ғалымдарға арналған соңғы ғылыми және омарташыларға арналған практикалық құралдарды ұсынатын жан-жақты шешім.
Үш қосымшаны біріктіру омарта шаруашылығын тиімді басқаруға және басқару, есепке алу және бақылау процестерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.