Зейнетақы жинағын тұрғын үй үшін пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді

Зейнетақы жинағын тұрғын үй үшін пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді jjtv.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 шілде, 2024

Депозитті ерлі-зайыптыға және жақын туыстарына беруге болады

Біржолғы зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлады Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі.

13 шілдеде министрдің бұйрығымен 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген біржолғы зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану қағидасына өзгеріс енгізіліп отыр.

Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемімен толықтырылған «Отбасы Банк» АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды, - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыға және (немесе) жақын туыстарына беруге болады. Бірақ мұндай салымды одан әрі үшінші тұлғалардың атына аударуға тыйым салынған.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.