Тоқаев тазылармен серуендегенді ұнатады
Қазір оның 3 тазысы бар
Президенттің баспасөз қызметі Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті.
Қазір президенттің 3 тазысы бар. Оның бірі – Наурыз. Бұл тазыны Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақы тазы асыраушы орыс қызы Анна Захарова сыйға тартқан болатын.
Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңның арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды, - деген еді президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші.
Кейін мемлекет басшысы баспасөз қызметінің фотографы Наурыздың серуен кезіндегі видеосын көрсетті.
Ол қазір баяғыдай себетте дірілдеп жататын түйіршік емес, көз алмай бақылауды қажет ететін епті күшік. Біз Наурыздың алғаш рет аңға шығуын, жетістігін, есеюін міндетті түрде көрсетеміз, - делінген жазбада.
Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады, - делінген хабарламада.