Ең жасы – 18-де: «Наурыз» бағдарламасына өтініш берушілер артып келеді

Ең жасы – 18-де: «Наурыз» бағдарламасына өтініш берушілер артып келеді bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 1 шілде, 2024

Барлық өтініш иесінің 62%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар

«Отбасы банкінің» ипотекалық операторы 7%-ға үміткерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрған азамат болуы керек екенін түсіндірді.

Еске сала кетсек, «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы 1 мамырдан бастап іске қосылған. Оған өтініш берушінің соңғы 5 жыл ішінде баспанасы болмауы керек.

Бағдарламаға қатыса алатындар:

  • жұмыс істейтін жастар:
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • «Отбасы банкінің» салымшылары;
  • моноқалалардың, аудан орталықтарының, ауылдық елді мекендердің тұрғындары.

Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары несиені 7 пайызбен, қалғандары 9 пайызбен алады. Ең бастысы, «Отбасы банкінде» депозитте 1 миллион теңге болса, жинақтау мерзімі маңызды емес. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабында көрсетілген.

Олар:

  • ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері;
  • 1-1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • 1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аурулардың тiзбесiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы міндетті әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады;
  • қандастар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, көпбалалы отбасылар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi орындау, ғарыш кеңiстiгiне ұшуға дайындық немесе ұшуды орындау, адам өмiрiн құтқару, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

Бұл бағдарлама арқылы Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалалардан сіз тек бастапқы тұрғын үйді, соның ішінде салынып жатқан тұрғын үйді (Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен) сатып ала аласыз. Барлық негізгі нысандарды «Отбасы банкі» сайтының «Баспана базары» бөлімінен көруге болады.

Басқа аймақтарда – ауылдар мен аудан орталықтарында тұрғын үй сегменті әлі де талқыланып жатыр. Бірақ жеке үйлерді қоса алғанда, негізгі және қосалқы тұрғын үйлерді де сатып алуға болатыны белгілі.

Мамырдағы жағдай бойынша, 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның 8 945-і қабылданды. Олардың жартысы, яғни 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобынан түсті. Олар – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, үйі апатты деп танылғандар, - деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында түскен өтініштердің 57%-ы әйелдерге тиесілі, ал барлық өтініш иесінің 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар саналады. Өтініш бергендердің ең жасы – Түркістан облысының тұрғыны, 18 жаста.