Биыл 5 трлн теңгенің 180 индустриялық, 326 инвестициялық жобасы іске қосылады

Биыл 5 трлн теңгенің 180 индустриялық, 326 инвестициялық жобасы іске қосылады mosopora.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 20 маусым, 2024

Өзіміздің тауар өндірушілермен 179 шарт жасалды

Үкімет шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр. Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, былтыр өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асқан. Өзіміздің тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Қабылданған барлық шараның арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.

Сонымен, биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асуға тиіс. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтіледі.

Жалпы, бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасып жатыр. Бұл экономиканың барлық саласына қатысты. 2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба қолданысқа енсе, 2024 жылы жалпы көлемі 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.

Президенттің тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралып, туындайтын барлық мәселе жеке-жеке шешілетін болады.