Елде 5-6 млн теңге жалақы алатын мамандар бар

Елде 5-6 млн теңге жалақы алатын мамандар бар Halyq Uni
bai-bol.kz bai-bol.kz | 14 маусым, 2024

Маркетологтың жалақысының өзі министрлердікімен бірдей

Қазақстанда бірнеше салада жалдамалы жұмысшылар 1 миллион теңгеден артық жалақы алады, деп хабарлады Finprom.kz.

2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 6 саласында жоғары жалақы тіркелген.

Олар:

  • теңіз жүк тасымалы;
  • қаржы және сақтандыру қызметі;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • әуе тасымалы;
  • сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
  • бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.

Мәселен, былтыр соңғы 4 айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайыз артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.

Ал миллиондап ақша алатын мамандықтардың ішінде:

  • сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 млн);
  • тасымалдау саласындағы инженер (5 млн);
  • қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 млн);
  • құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 млн);
  • әуе көлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 млн);
  • мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) бар.

Ең жоғары жалақы мұнай саласында тіркелген. Мәселен, мұнай өндіру компаниясының корпоративті хатшысы айына 2,2 млн теңге алады.

Бұдан бөлек,

  • ауызекі тілдің аудармашысы (1,8 млн теңге);
  • диспетчер-оператор (2 млн теңге);
  • маркетолог (1,5 млн теңге);
  • сауда агенті (1,3 млн теңге) жоғары жалақы алады.

Сонда маркетологтың жалақысының өзі министрлердікімен бірдей болып тұр. 2023 жылдың соңында министрлердің жалақысы 1,4 млн теңге болса, облыстық маңызы бар қала басшылары 928,9 мың теңге алған.